$ 448.98 € 502.45 ₽ 5.45

Бибісара Асаубаева Өзбекстан құрамасының көшбасшысынан жеңіліп қалды

Алтыншы турда өткен партияда Абдусатторов қара фигуралармен ойнап, жеңіске жетті.

Фото: © Михал Валуша (ФИДЕ)
Фото: © Михал Валуша (ФИДЕ)

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Будапеште (Венгрия) өтіп жатқан Total Chess World Championship Tour Pilot 2026 супертурнирінде Өзбекстан құрамасының көшбасшысы Нодирбек Абдусатторовпен кездесті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Алтыншы турда өткен партияда Абдусатторов қара фигуралармен ойнап, жеңіске жетті. Кездесу блиц бағдарламасының швейцариялық жүйе бойынша өткен кезеңі аясында ұйымдастырылды.

Тоғыз турдың қорытындысы бойынша Асаубаева небәрі 0,5 ұпай жинап, 24 қатысушының арасында соңғы орынға тұрақтады. Ал Абдусатторов 3,5 ұпаймен 19-орын алды.

Блиц кезеңінің жеңімпазы жеті ұпай жинаған норвегиялық Магнус Карлсен атанды. Екінші орынды француз Максим Вашье-Лаграв (6,5 ұпай), үшінші орынды америкалық Левон Аронян (6 ұпай) иеленді.

10–20 қараша аралығында өтіп жатқан турнир блиц, рапид және жылдам классика сайыстарынан тұрады. Келесі кезең бүгін, 11 қарашада басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0