Бүгін Қытай астанасы Бейжіңде конькимен жүгіруден әлем кубогының кезеңі басталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасының қоржыны күміс медальмен толықты. Әйелдер арасында 1000 метр қашықтықта Кристина Шумекова жеңіп алды.
Әйелдер, А дивизионы. 1000 м:
Анаэль Далеман - 1:14.07
Кристина Шумекова - 1:15.64
Виктория Дабровска - 1:15.85
Бейжіңдегі әлем кубогы кезеңі 15 қарашаға дейін жалғасады. Жалпы Қазақстан командасы сапында 15 спортшы бақ сынап жатыр.