Әлі жеңіліп көрмеген аралас жекпе-жек шебері, RAF чемпиондық белбеуінің иегері дағыстандық Усман Нурмагомедов алты айға қамауға алынды деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Танымал файтер достарымен бірге 11 қарашада Абу-Дабидегі қонақ үйлердің бірінде UFC жауынгері Мераб Двалишвилиді жабылып ұрған еді. Сондай-ақ, сол жерде болған өзге де адамдар түрлі деңейдегі жарақат алды.
«Усман алты айға қамалды», - деп жазды ресейлік ТАСС агенттігі өзінің дереккөзіне сілтеме жасап.
Бұған дейін Абу-Дабидің сот департаменті аталған іске қатысты сегіз адамның алты айға қамалғанын және айыппұл арқалағанын мәлімдеген болатын. Алайда, нақты кімдердің түрмеге жабылғанын жазған жоқ.