$ 443.62 € 492.24 ₽ 5.36

Қазақстандық үш дзюдошы Загребтегі Гран-придің финалына шықты

Үш спортшымыз да кем дегенде күміс медальді еншілеп қойды.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасының дзюдошылары Ғалия Тынбаева, Аман Бақытжан және Нұрқанат Серікбаев Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

48 келіге дейінгі салмақта Ғалия Тынбаева жартылай финалда аустриялық Жаклин Шпрингерд жеңді. Енді қазақстандық дзюдошы алтын медаль үшін 2025 жылғы әлем чемпионы, италиялық Ассунта Скуттомен белдеседі.

60 келіге дейінгі салмақта Аман Бақытжан словениялық Давид Старкельден басым түсті. Финалда оның қарсыласы Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, Қытай Тайбэйінің өкілі Ян Юнвэй болады.

Ал 66 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Серікбаев италиялық Валерио Аккольиді жеңіп, финалға шықты. Ол алтын жүлде үшін бразилиялық Роналд Лимамен күреседі.

Осылайша, үш спортшымыз да кем дегенде күміс медальді еншілеп қойды.

Загребтегі турнирдің финалдық кезеңі Қазақстан уақытымен сағат 21:00-де басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0