Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Нұрқанат Серікбаев Загребте (Хорватия) өтіп жатқан Гран-придің финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Отандасымыз 66 келіге дейінгі салмақтың ақтық белдесуінде бразилиялық Рональд Лимамен жолықты.
ҚР ҰОК мәліметінше, нәтижесінде Нұрқанат Серікбаев айқын басымдықпен жеңіске жетті.