Бұл Португалия құрамасының Криштиану Роналдусыз өткізген алғашқы матчы болды.
Португалия құрамасы Ұлттар лигасы аясында өз Даниядан 1:4 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл Португалия құрамасының Криштиану Роналдусыз өткізген алғашқы матчы болды. Футболшы қараша айының басында ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеген еді.
Даниямен кездесудің алдында Португалия ойыншылары алаңға 7-нөмірлі жейдемен шықты. Бұл нөмір бірнеше жыл бойы Роналдуға тиесілі болған. Қазір ол Карлос Форбске берілгенімен, жейдедегі 7 санының жазылуы өзгертіліп, ортасына көлденең сызық қосылған.
Құраманың әлеуметтік желідегі парақшасында бұл шешімге қатысты: "Жаңа жетіліктің дәуірі басталды. Алайда бұрынғы жетілік мәңгі есте қалады, - деп жазылған.