$ 444.3 € 490.91 ₽ 5.41

Елена Рыбакина әлемдік рейтингтегі көшбасшылық орнын сақтап қалды

Әлемнің бірінші ракеткасы атағын қазақстандық теннисші Елена Рыбакина сақтап қалды. 

Фото: Tengrisport
Фото: Tengrisport

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өткен қорытынды турнирден кейін жекелей сында өнер көрсететін спортшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Әлемнің бірінші ракеткасы атағын қазақстандық теннисші Елена Рыбакина сақтап қалды.

Рейтингтің екінші сатысына WTA Finals турнирінің жеңімпазы атанған ресейлік Мирра Андреева көтерілді. Ал Беларусь өкілі Арина Соболенко үшінші орынға сырғыды.

Төртінші орынды америкалық Кори Гауфф иеленсе, оның отандасы Джессика Пегула үздік бестікті түйіндеді.

WTA-2026 қорытынды турнирінің финалисі, украиналық Элина Свитолина алтыншы сатыдағы орнын сақтап қалды.

Маусымның шешуші додасына қатысқан чехиялық Линда Носкова бір саты жоғарылап, жетінші орынға жайғасты. Ал оның отандасы Каролина Мухова сегізінші орынға төмендеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0