Португалия құрамасының бас бапкері Жорже Жезуш ұлттық команданың бұрынғы капитаны Криштиану Роналдудың анасы айтқан сөздерге ренжімегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұған дейін Долореш Авейру ұлттық құрамада ұлына тиісті құрмет көрсетілмегенін айтып, Португалия құрамасының Даниядан 1:4 есебімен жеңілгеніне қуанған болатын.
«Енді маған Криштиану Роналдудың анасына жауап беру керек пе? Мен оны қатты құрметтеймін. Ол не айта алады? Ана деген – ана. Мен оның ұстанымын түсінемін.
Мен тек оны құрметтеуім керек. Ана әрдайым баласын қорғайды. Ол балаларын өсіру жолында көп қиындық көрген, мейірімді ана», – деп келтіреді Жезуштің сөзін A Bola басылымы.
Айта кетейік, қараша айында «Алтын доптың» бес дүркін иегері Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтағанын мәлімдеген болатын.