19.11.2026, 11:00

Дастан Сәтбаев Лондонда қазақ студенттермен кездесті (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Мерекелік кеш аясында жастар Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісімен кездесті.

Ұлыбританияда білім алып жүрген қазақстандық студенттер Лондонда Қазақстанның дипломатиялық өкілдігінде Халықаралық студенттер күнін атап өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Мерекелік кеш аясында жастар Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісімен кездесті. Дипломат Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі басымдықтарға тоқталып, шетелде білім алып жүрген студенттерге жан-жақты қолдау көрсетуге елшілік әрдайым дайын екенін жеткізді.

Кештің мәдени бағдарламасы «Ұлы дала таңы» тарихи фильмін көрсетумен жалғасты.

Ал жиынға қатысқан жастар үшін ең үлкен тосынсый – қазақстандық танымал футболшы Дастан Сәтбаевтың күтпеген жерден кездесуге келуі болды.