19.11.2026, 17:40

Данил Голубенко «molodoy» неге Қазақстанның ұлттық құрамасында жоқ?

Фото: HLTV

Голубенко клубтық жарыстарға қатысады. Оған халықаралық турнирлерге қатысу үшін Киберспорт федерациясы мен Спортты дамыту дирекциясы қолдау көрсетіп келеді.

Қазақстан атынан халықаралық киберспорт турнирлеріне қатысып жүрген Данил Голубенко әзірге ұлттық құрамаға кірмейді. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов киберспортшыларды іріктеуде дәстүрлі спорт түрлерінен өзгеше тәсіл қолданылатынын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Министрдің сөзінше, Голубенко клубтық жарыстарға қатысады. Оған халықаралық турнирлерге қатысу үшін Киберспорт федерациясы мен Спортты дамыту дирекциясы қолдау көрсетіп келеді.

Мырзабосынов балалар, жасөспірімдер және ересектер арасында Қазақстан чемпионаттарын өткізу қажеттігін атап өтті. Ел ішіндегі жарыстар жүйесі қалыптасқан соң, киберспортшыларды ұлттық құрамаға іріктеу талаптары қайта қаралуы мүмкін.