19.11.2026, 17:10

Василий Тахтай Қазақстан ММА ұлттық федерациясының вице-президенті атанды

Фото: ММА ұлттық федерация

Ол спортты дамыту, ауқымды әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру және жастармен жұмыс істеу саласында көпжылдық тәжірибеге ие.

Василий Тахтай Қазақстан Республикасы ММА ұлттық федерациясының өңірлік даму жөніндегі вице-президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.  Василий Тахтай - Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Дала Қырандары» жастар қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі, қоғам қайраткері, кәсіби спортшы және TAKHTAY TEAM жекпе-жек академиясының негізін қалаушы. Ол спортты дамыту, ауқымды әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру және жастармен жұмыс істеу саласында көпжылдық тәжірибеге ие. Жаңа қызметінде өңірлерде ММА спортын жүйелі дамытуға, спорт инфрақұрылымын нығайтуға, жас таланттарды қолдауға және қазақстандық спорттың халықаралық беделін арттыруға басымдық береді.