$ 455 € 498.77 ₽ 5.56

Бибісара Асаубаева әлемнің үздік бес шахматшысының қатарына қайта қосылды

Қазір еншісінде 2537,4 рейтингтік ұпай бар.

Фото: 1бол!
Фото: 1бол!

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Бибісара Асаубаева классикалық шахматтан ФИДЕ рейтингінде әлемнің үздік бес шахматшысының қатарына қайта енді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жаңартылған live-рейтингте қазақстандық шахматшы 5,4 ұпай жинап, жетінші орыннан бесінші сатыға көтерілді. Қазір еншісінде 2537,4 рейтингтік ұпай бар.

Бибісарадан жоғары тұрған төрт шахматшының үшеуі – Қытай өкілдері Хоу Ифань, Чжу Цзиньэр және Цзюй Вэньцзюнь. Сондай-ақ алғашқы төрттікте ресейлік Александра Горячкина бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0