$ 455 € 498.77 ₽ 5.56

Санжар Еруланұлы дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында топ жарды (ВИДЕО)

Отандасымыз 100 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Санжар Еруланұлы Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Отандасымыз 100 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Санжар ақтық сында жапониялық Шокей Хираноны тізе бүктіріп, алтын медаль жеңіп алды.

Осылайша ұлттық құраманың қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін Асқар Біржанов (100 келіге дейін) қола жүлде алған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#ҰОКҚ