$ 455 € 498.77 ₽ 5.56

Магнус Карлсен Бибісара Асаубаевамен болған даудан кейін жазаға тартылуы мүмкін

Фото: instagram.com/bibisarachess
Фото: instagram.com/bibisarachess

Шахматтан бес дүркін әлем чемпионы Магнус Карлсен Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) тексеруіне ілікті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ұйым норвегиялық гроссмейстердің Будапештте өткен Total Chess World Championship Tour Pilot 2026 турниріндегі әрекеттерін Этика және тәртіп жөніндегі комиссияның қарауына жібермек.

21 қарашада FIDE арнайы мәлімдеме жасап, Карлсеннің жоспарланған партияларға бірнеше рет қатысудан бас тартуына байланысты тексеру жүргізілетінін хабарлады.

Норвегиялық шахматшы Асаубаевамен матчте жылдам классика форматындағы соңғы екі партияны өткізуден бас тартқан. Ол кезде кездесудің нәтижесі анықталып қойғанымен, турнир ережесі бойынша барлық партияны ойнау міндетті болатын.

Алайда FIDE-нің наразылығын Карлсеннің ресейлік Владислав Артемьевпен кездесуіндегі әрекеті де тудырған. Ол екі күн ішінде үш партиядан бас тартқан. Бұл кезде матчтің қорытындысы әлі шешілмеген еді.

«Мұндай мінез-құлық әділ ойын қағидаттары мен жарыстың әділдігіне нұқсан келтіреді. Өткізілмеген партиялар турнир кестесінің жоғарғы бөлігіндегі нәтижелерге айтарлықтай ықпал етті», – делінген федерация мәлімдемесінде.

Еске салайық, Бибісара Асаубаева Карлсенге жалпы есепте 18,5:21,5 есебімен есе жіберген болатын. Кейін қазақстандық шахматшы америкалық Эндрю Хонгтан жеңіліп, турнирді 20-орынмен аяқтады. Ол 14 мың доллар сыйақы иеленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0