Айта кетейік, құрлықтық додада Қазақстан құрамасы В тобына түсті.
Алматыда әйелдер арасында гандболдан Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі алғашқы кездесуінде Аустралия командасынан басым түсті. Матч 37:18 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, құрлықтық додада Қазақстан құрамасы В тобына түсті. Бұл топта Оңтүстік Корея, Өзбекстан және Үндістан құрамалары да бар.
Қазақстандық гандболшылар келесі кездесуін бүгін, 24 қарашада, Үндістан құрамасына қарсы өткізеді.
Азия чемпионаты 3 желтоқсанға дейін жалғасады. Жарыстың үздік төрт командасы 2027 жылы Венгрияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.