$ 458.85 € 503.5 ₽ 5.59

«Жігітіміздің оралуын күтеміз»: Бейбіт Әлібеков жарақат алған Сәтпаевпен кездесті

Кәсіпкер жас футболшыға қолдау білдіріп, оның жасыл алаңға тезірек оралуына тілектестік білдірді.

Фото: @alibekov
Фото: @alibekov

Қазақстандық кәсіпкер, «Ордабасы» футбол клубының өкілі Бейбіт Әлібеков Лондонда жарақатынан айығып жатқан қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаевпен кездесті. Ол ұлттық құрама шабуылшысымен бірге түскен суретін әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кәсіпкер жас футболшыға қолдау білдіріп, оның жасыл алаңға тезірек оралуына тілектестік білдірді.

«Жігітіміздің оралуын күтеміз», – деп жазды Бейбіт Әлібеков.

Қазір 18 жастағы Дастан Сәтпаев Лондонда жарақатынан кейін қалпына келу кезеңінен өтіп жатыр. Қазақстандық шабуылшы санның артқы бұлшықетін қайта жарақаттап алған соң, трансферлік құқығын иеленетін «Челси» клубының қарамағына оралған.

«Бернли» клубының бас бапкері Фабио Челестини футболшының «Челси» медициналық штабының бақылауымен оңалтудан өтіп жатқанын растаған. Алайда оның алаңға нақты қашан оралатыны әзірге белгісіз.

Дастан Сәтпаев соңғы рет 24 қазанда «Линкольн Ситиге» қарсы өткен кездесуде алаңға шыққан. Аталған матч 1:4 есебімен аяқталды.

Жарақатына байланысты қазақстандық футболшы «Бернлидің» бірнеше кездесуін, сондай-ақ Қазақстан ұлттық құрамасының Молдова және Словакияға қарсы ойындарын өткізіп алды.

Қазір жанкүйерлер жас шабуылшының толық сауығып, футболға қайта оралуын күтіп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0