Отандасымыз 41 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.
Қазақстандық Тұрсынай Қабыл парапауэрлифтингтен әлем чемпионатының алтынын иеленді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Отандасымыз 41 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Есепке алынған мүмкіндіктерінің бірінде ол 100 келіні бағындырып, алтын медаль иегері атанды.
Сонымен қатар, үш мүмкіндіктің қорытындысы бойынша Тұрсынай Қабыл 297 ұпай жинап, жалпы есепте үздік нәтиже көрсетті. Екінші орынды 272 ұпаймен Түркия өкілі Рейхан Полат, үшінші орынды 273 ұпаймен ресейлік Татьяна Жаворонкова иеленді.
Айта кетейік, парапауэрлифтингтен әлем чемпионаты Бахрейнде өтіп жатыр, оған әлемнің әр түкпірінен келген спортшылар қатысады.
Жарыста Қазақстан намысын 23 спортшы қорғап жатыр.
Турнир 2 желтоқсанға дейін жалғасады.