Кездесу 4:4, 4:4 және 6:3 нәтижелерімен аяқталды.
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Санкт-Петербургте (Ресей) өтіп жатқан «Солтүстік пальмира кубогы» командалық турнирінде ресейлік Карен Хачановпен кездесіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
ATP рейтингінде 25-орында тұрған Бублик 24-сатыдағы Хачановты жалпы есеппен 14:11 есебімен жеңді. Кездесу 4:4, 4:4 және 6:3 нәтижелерімен аяқталды.
Санкт-Петербургтегі турнирде Александр Бублик «Львалар» командасының намысын қорғап жүр. Ал Карен Хачанов «Сфинкстер» сапында өнер көрсетеді. Хачанов Ресейдің үшінші ракеткасы саналады. Ол рейтингте Даниил Медведев (5-орын) пен Андрей Рублевтен (23-орын) кейін тұр.
«Львалар» командасының құрамында Анастасия Потапова, Камилла Рахимова, Корентен Муте және Дэн Эванс та бар. Ал «Сфинкстер» сапында Диана Шнайдер, Анна Пушкарева, Юлия Путинцева және Адриан Маннарино өнер көрсетеді.