Қазақстандық боксшы Вадим Казаков Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Қазақстанның бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлімдегендей, бүгін ақтық сында отандасымыз өкінішке қарай Болгариялық боксшы Благой Найденовтан 3:0 есебімен жеңіліп қалды.
Еске сала кетсек, биыл Болгария қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем біріншілігінің финалында да Вадим осы Благой Найденовқа есе жіберіп алған болатын.
Айта кетейік, қазір Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан II жазғы Жасөспірімдер Олимпиадасына Қазақстаннан 4 боксшы барған еді. Шалқар Айқынбай (49 кг) төртінші орынға тұрақтаса, Алуа Балқыбекова (51 кг) бесінші орынды иемденді.