$ 443.37  474.49  4.83

Зарина Диас US Open-нің үшінші айналымына өтті

Американың ашық чемпионатында қазақстандық Зарина Дияс америкалық Катрин Беллиспен күш сынасты, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Жиырма жасар Зарина әлемдік рейтингте 48-інші орында. Оның осы жолғы қарсыласы 15 жасар К.Беллис болатын. Бірінші айналымда осы турнирдің 12-інші ракеткасы, словакиялық Доминика Цибулкованы ұтқан американ қызы тамаша ойын көрсете білді.

Бірінші партия 6:3 есебімен Заринаның пайдасына шешілсе, екінші сетті жанкүйерлердің демеуімен қанаттанған Катрин 6:0 есебімен ұтты. Алайда шешуші, үшінші партияда Зарина 6:2 есебімен жеңіп кетті.

Келесі айналымда З.Дияс әлемнің 17-інші ракеткасы ресейлік Екатерина Макаровамен күш сынасатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары