Қазақстандық теннисші қыз Нью-Йоркте өтіп жатқан жұптық разрядтағы АҚШ ашық чемпионатының (US Open) жартылай финалына өте алмады, деп хабарлады Vesti.kz.
1/4 финалда қытайлық И Фань Сюймен жұптасқан Зарина Диас үшінші нөмірлі Үндістандық Сания Мирза және Зимбабведен келген Кара Блэек жұбымен кездескен болатын.
Бірінші партияда қазақстандық-қытайлық жұп 1:6 есебімен есе жіберді. Сондай-ақ екінші партияда да (1:0) жеңілуге мәжбүр болып, қарсыласының пайдасына ойынды жалғастырудан бас тартты. Матч 48 минутқа созылды.
Осылайша, жиырма жастағы Зарина Дияс US Open-дегі ойынын аяқтады.