Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі тобы мексикандық Марко Антонио Рубиомен алда бодатын жекпе-жектің афиша парағын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Лос-Анджелес қаласында 18 қазанда өтетін кездесу GGG үшін осы жылдағы үшінші жекпе-жек болып саналады. Ал, аталған кездесу билеттерінің сатылымы StubHub Center аренасының барлық рекордтарын басып озды.