$ 494.87  520.65  4.91

Қырғызстанда көшпенділердің І бүкіләлемдік ойындары өтуде

Кеше Шолпан-Ата (Қырғызстан) қаласында көшпенділердің бірінші бүкіләлемдік ойындарының ашылу салтанаты өтті. Оның қатысушыларына Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев құттықтау хатын жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл ұлттық спорт түрлері мен халық шеберлерінің қолөнер туындыларын біріктірген бірегей спорт жарысы болып табылады. 

Көшпенділердің бірінші бүкіләлемдік ойындары мәдениетаралық диалогты қамтасыз ету бойынша мемлекеттер интеграциясы жолында жасалған тағы бір қадам әрі елдеріміздің бай мұрасын насихаттауға қосар үлес болмақ, – деп атап өткен Елбасы өз хатында.

Бұрындары хабарланғандай, жарысқа Түркия, Қазақстан, Өзбекістан, Тәжікстан, Түркіменстан, Гагаузия, Әзірбайжан, Моңғолия, Ресей Федерациясы, Қытайдың спорт делегациялары қатысады. Қазақстанның спорт делегациясының құрамына түрлі ұлттық спорт түрлерінде көрініп жүрген спортшылар кірді.

Ойындар бағдарламасына асық ату, тоғызқұмалақ, казақ күресі, кырғыз күресі, алыш, көкпар, аударыспақ, аламан бәйге, құнан бәйге,  ат жарысы кірді.

Ойындардың салтанатты жабылу рәсімі Шолпан-Атада 14 қыркүйек күні 3D форматында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары