Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) президенттік кеңесінде қазақстандық шахматшы қыз Жансая Әбдімәлікке ерлер арасында Халықаралық дәрежедегі спрт шебері атағы берілді. Бұл туралы Ж.Әбдімәлік атындағы шахмат академиясының баспасөз қызметі хабарлады.
"Жансая небәрі 17 жасында ерлер арасында Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алған Қазақстандағы алғашқы шахматшы қыз", - делінген академия таратқан хабарламада.
Айта кетейік, 2013 жылы ФИДЕ Жансаяны Азияның ең үздік шахматшы қызы (20 жасқа дейін) деп таныған болатын. Ол қазіргі таңда әйелдер арасындағы әлемдік рейтингте 42-ші орында тұр.