$ 443.44  480.51  4.88

Қазақстанға Флойд Мейвезер мен Лейла Әли келеді

Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының президенті Ерлан Бекхожин Vesti.kz порталына тамыз айының соңында елорда төрінде өтетін Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBC) 55-ші конвенциясы туралы айтып берді.

"Бұл конвенцияны өткізу міндеті Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы мен WBC басшыларына артылған. Шамамен бұл жиын 25 маусым мен 1 қыркүйек аралығында өтеді. Конвенция халықаралық EXPO көрмесі барысында өтеді. Оған меценаттар, бокс жұлдыздары мен бокс мамандары келеді. Конвенцияның құрметті қонақтарының қатарында кіші Флойд Мейвезер мен Лейла Әли де бар.

"Бұл шараны өткізуге АҚШ және Хорватия елдері таласқан еді. Бірақ оны өткізу біздің елге бұйырды. Тіпті, ұйым конвенцияны тамызда өткізуге мүмкіндік берді", - дейді Бекхожин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары