$ 480.55  533.75  5.36

Түркіменстан президенті каратэден 10-дан иегері атанды

Түркіменстанда "Азиада-2017: бейбітшілік пен даму жолындағы халықаралық спорттық серіктестік" тақырыбында өткен конгресс барысында ел презиенті Гурбангулы Бердімұхамедовке "Жыл адамы" деген мәртебелі атақ берілді. Бұл жайында "Түркіменстан: алтын ғасыр" электронды газеті хабарлап отыр.

Салтанатты шара Түркіменстанның курортты Аваз қаласында өткен болатын. "Жыл адамы" дипломын президентке Азия шахмат федерациясының басшысы Шейх Сұлтан Халифа Сұлтан Шахбут Әл-Нахаян табыстады.
Сондай-ақ, Түркіменстан көшбасшысына спортты дамытуға қосқан үлесі үшін каратэ-доның қара белбеуі мен 10-шы даны берілді.

"Гурбангулы Бердімұхамедов бұл марапатты Түркіменстанның спорт пен дене шынықтыруды дамытуға қосқан үлесі үшін, мемлекеттің халықаралық спорттық шараларға белсенді қатысқаны үшін, халықтар арасында достық пен өзара түсіністікті нығайтқаны үшін алды деп есептейді", - делінген аталған газетте.

Айта кетейік, каратэнің 10-шы данына әлемде тек 20 спортшы ғана қол жеткізген. Олардың басым көпшілігі Жапония өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары