$ 474.72  515.17  5.58

Головкин жарақат алып қалған - Фрэнк Уоррен

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBO чемпиондық белбеуінің иесі Билли Джо Сондерстің промоутері Фрэнк Уоррен Геннадий Головкиннің жарақат алып қалғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, қос боксшының жекпе-жегіне осы жайт кедергі болған деп жазады boxingnews24.com.

"Бізге Головкиннің жарақат алғанын айтты. Мұның соңы неге апаратынын күтеміз. Біз осы жекпе-жекті болдыру үшін қолымыздан келгеннің бәрін істедік. Билли жеңіске лайықты. Оның қалтасында қаламы дайын, кез-келген уақытта, кез-келген боксшымен келісімшартқа қол қояды. Қазір ол жекпе-жекке сақадай-сай", - деді Уоррен.

Айта кетейік, қазіргі таңда Головкиннің абсолютті әлем чемпионы атануына Сондерстегі жалғыз чемпиондық белбеу жетіспей тұр. Жерлесіміз WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы.

Головкин-Сондерс жекпе-жегі бұған дейін маусым айында Астанада өтуі мүмкін деп жоспарланған еді. Алайда, қос тараптың ортақ шешімге келе алмауынан келіссөздер әліге дейін жалғасып жатыр. Осыдан бірер күн бұрын Сондерс кездесудің мүлдем болмайтынын да айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары