Футболдан Еуропа чемпиондар лигасының 1/4 финалы аясында өтуі тиіс "Боруссия" - "Монако" матчы кейінге қалдырылды. Неміс футболшылары мінген автобустың жанында үш жарылыс болып, "боруссиялық" қорғаушы Марк Бартра дене жарақатын алған.
Дортмунд қаласының полициясы аталған жайтты қастандық деп бағалап отыр. Прокурорлардың мәліметінше, жарылыс болған жерден хат табылған. Тергеудің құпия жүргізілуіне байланысты оның мазмұны әлі жарияланған жоқ.
"Боруссия" клубының өкілдері автобустың екі жерден зақымданғанын айтып отыр.
Айта кетейік, кеше "Боруссия" (Дортмунд, Германия) футбол клубы өз алаңында Франияның "Монакосын" қабылдауы тиіс болатын. Бұл матч Чемпиондар лигасы 1/4 финалының алғашқы ойыны.
Неміс ойыншылары мінген автобус қонақ үйден шыққан кезде жарылыс болған. Шытынаған терезенің сынығы Марк Бартраны жаралапты. Дәрігерлер оның денсаулығына алаңдаудың қажеті жоқ екенін айтуда. Бүгін ол жасыл алаңға шығады.