$ 446.49  475.38  4.79

Альварес — Чавес жекпе-жегінің толық бейнекөрсетілімі

Бүгін Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада штаты) T-Mobile аренасында жылдың маңызды жекпе-жектерінің бірі өтті. Мексикалық боксшылар Сауль "Канело" Альварес пен кіші Хулио Сезар Чавес арасында өткен кездесу толық 12 раундқа жалғасып, төрешілердің шешімімен Альварес жеңімпаз атанды.

Жекпе-жектегі басымдықты бастан-аяқ мексикалық боксшы өз қолына алған. Бірінші раунд бастала салысымен қарсыласын ауыр соққыларымен төпелеген Альварес кездесу біткенге дейін өз білгенінен жаңылған жоқ. Бірақ, тәжірибелі Чавесті құлата алмады.

Айта кетейік, бұл орта салмақтағы чемпиондық белбеулердің барлығына жуығы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге тиесілі. Сондықтан, Альварес — Чавес жекпе-жегінің жеңімпазы Головкинмен жұдырықтасады деген болжамдар бұған дейін көп айтылды. Ал, бүгін аталған бокс кешіне қонақ боп келген GGG жекпе-жектен кейін рингке шығып, биыл қыркүйек айында Альвареспен шаршы алаңда кездесетінін ресми мәлімдеді.

Назарларыңызға қос мексикалықтың арасында өткен жекпе-жектің толық нұсқасын ұсынамыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары