$ 443.37  474.49  4.83

Головкин — Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте өтеді (ВИДЕО)

Бүгін Лас-Вегаста өткен Альварес — Чавес жекпе-жегінен кейін шаршы алаңға қазақстандық боксшы Геннадий Головкин шығып, Сауль Канело Альвареспен қыркүйек айында кездесетінін айтқан болатын. BoxingNewsOnline порталының хабарлауынша, бүл супер жекпе-жек биыл 16 қыркүйекте өтеді.

Айта кетейік, бүгін өз жерлесі кіші Хулио Сезар Чавесті жеңген Альварес кәсіпқой рингтегі 49-шы жеңісіне қол жеткізді. Ол 50 жекпе-жектің тек біреуінде ғана жеңілген. Бүгінгі кездесуден кейін "Канело" қазақстандық боксшыны жекпе-жекке шақырды.

"GGG, келесі қарсыласым сенсің! Біздің кездесу қыркүйекте өтеді Күтіңіздер. Мен ешқашан ешкімнен қорыққан емеспін, мен әрқашан кәсіпқой боксшы ретінде өзімді көрсетіп келемін. Мен туылғалы бері ешкімге қорқынышымды көрсеткен жоқпын. Мен бұл жекпе-жектің орын алатынына қуаныштымын. Бұл мен үшін өзімді көрсететін үлкен мүмкіндік. Мен мықтымын, өйткені үнемі мықтылармен жұдырықтасып келдім", - деді Сауль Альварес бүгінгі жеңісінен кейін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары