Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы қазақстандық әлем чемпионы Геннадий Головкин күні кеше қос мексикалық Сауль Альварес пен кіші Хулиов Сезар Чавестің жекпе-жегіне өз бағасын берді деп жазады Vesti.kz.
"Сенбілік бокс кеші іш пыстырарлық болды, спарринг секілді. "Канело" жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтағысы келген жоқ. Ал, бұл билет пен PPV сатып алған көрермендер үшін ұнамайтыны анық. Жұртқа менің нокауттарым секілді драма керек. Егер мен күшімнің жететінін сезіп тұрсам, ендеше ұрып құлатамын", - деді Головкин америкалық журналистерге берген сұхбатында.
Еске салайық, кеше Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен жекпе-жек 12 раундқа созылып, төрешілердің шешімімен жеңіс Альвареске берілді. Ол қарсыласын кездесудің басынан аяғына дейін қуып жүріп ұрғанымен құлата алған жоқ.