$ 494.87  520.65  4.91

Диего Марадона Қазақстанға жұмысқа шақыртылған

Даңқты аргентиналық футболшы, 1986 жылғы әлем чемпионы Диего Марадона қазақстандық клубтардың тізгінін ұстау туралы ұсыныс түскенін айтып берді. Бұл туралы Vesti.kz порталы хабарлап отыр.

7 мамыр күні Марадона Бірікке Араб Әмірлігі біріншілігінде өнер көрсететін "Әл Фуджайра" клубының бас бапкері болып тағайындалды. 

Жаңа клубының бапкері ретінде таныстырылым кезінде Марадона Қазақстан және Ресей біріншілігінде өнер көрсететін клубтардан ұсыныс түскенін айтып, бірақ нақты қай команда екенін айтқан жоқ. 

"Мен футболды және жанкүйер толы стадиондардың сағындым. Мен футболды теледидардан көріп отырмай, оның ішінде болғым келеді. Тағы команданы жаттықтырып, футболдан ләззат алғым келеді. Сондықтан да мен "Әл-Фуджайраның" тізгінін ұстадым.

Бұған дейінгі істерімнің барлығы - өткен шақ. Қазір мен тек "Әл-Фуджайраның" жағдайын ойлаймын. Бұл командаға барлық күшімді салып, клубтың мықты етуге тырысамын. Бұл клубқа келерге дейін маған бірнеше ұсыныс түсті. Оның ішінде Қазақстан және Ресей біріншілігінде өнер көрсететін клубтардан да ұсыныс болды. Агентім маған оңтайлы шешім қабылдады"- деп келтіреді Марадоның сөзін The National басылымы.

Айта кетейік, Марадона осымен үшінші рет бапкерлік қызметтің қамытын киіп отыр. Осыған дейін ол 2008 және 2010 жылдар аралығында Аргентина құрамасын басқарса, 2011/12 жылы БӘА біріншілігінде өнер көрсететін "Әл-Васл" клубын жаттықтырды. 

56 жастағы Марадона 1976 жыл мен 1997 жылдар аралығында аргентиналық "Аргентино Хуниорс", "Бока Хуниорс" және "Ньюс Олд Бойз", испаниялық "Барселона", "Севилья", италиялық "Наполи" клубтарының намысын қорғаған. Ұлттық құрама сапында ол 91 кездесу өткізіп, 34 гол соққан. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары