$ 494.87  520.65  4.91

Мессиден кейін Криштиану Роналду да ұзақ мерзімге сотталуы мүмкін

Испанияның салық қызметі футболдан мадридтік "Реал" мен Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдуды салықтан жалтарды деп айыптап отыр. Салықшылардың таққан айыбымен Испания қаржы министрлігі де келісіп отыр деп жазады "Спорт-Экспресс".

Басылымның хабарлауынша, 2011 мен 2013 жылдар аралығында португалдық футболшы жыл сайын бюджеттен 600 мың еуросын жасырып келген. Енді ол 15 айдан 5 жылға дейінгі мерзімге түрмеге жабылуы мүмкін. Егер Роналду қылмыстың толық ашылуына өз еркімен көмектессе және айыппұлын түгел төлесе оны шартты жазамен соттайды.

Айта кетейік, Роналдудың үстінен тергеу ісі 2015 жылы басталған болатын. Оны салықтан жаотару үшін офшордағы есепшоттарды пайдаланды деп сол кезде айыптаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары