Спорт 01.06.2017 сағат 04:10  718

Әлемдегі ең атақты теннисшілердің бірі теннистегі лесбилер жайында айтып берді

«Үлкен дулыға» турнирлерін 24 рет жеңіп алған әйгілі автралиялық теннисші Маргарет Корт теннистегі лесбилер туралы айтты деп жазады Yahoo Sports.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Қазір теннисте лесбилер өте көп. Мен ойнаған кезде тек саусақпен санарлық қана болатын. Олар бірақ көшбасшылардың арасында еді, жас қыздарды көңілді кештерге жиі шақырып тұратын. Ал, қазір бұл тұрғыда насихат кеңінен жүруде, балалардың миын азғындықпен улап жатыр. Мәселен, қазір ата-ана баласына дұрыс көңіл бөлмесе бала ренжіп, "бәлкім мен қыз шығармын?" деп сол бағытта дами бастайды. Мұның бәрі насихаттың салдары», — дейді Корт.

74 жастағы экс-теннисшінің айтуынша, біржынысты неке ұғымы шайтаннан. «Бұл дегеніңіз Гитлердің, коммунистердің жасаған әрекеттерімен бірдей», — деп сөзін түйді теннисші әйел.

Маргарет Корт — ең даңқты теннисші әйел. Ол Аустралия ашық біріншілігін 11 рет, Ролан Гаррос турнирін 5 рет, Уимблдон турнирін 3 рет және АҚШ ашық біріншілігін 5 рет жеңіп алған. Спортпен қоштасқаннан кейін Корт шіркеуге жұмысқа тұрып, әліге дейін сонда қызмет істеп келеді.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар