$ 443.44  480.51  4.88

Юлия Путинцева Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты

Әйелдер теннисінен Қазақстанның №1 ракеткасы Юлия Путинцева Парижде өтіп жатқан Францияның ашық біріншілігінде қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді.

Қазақстандық теннисшінің екінші айналымдағы қарсыласы швед Йоханна Ларссон болды. Үш сетке созылған кездесуде 6:3, 1:6, 6:3 есебімен Путинцева қарсыласынан басым түсті.

Айта кетейік, Юлия Путинцева Дүниежүзілік әйелдер теннисі рейтингінде 29-орында тұр.

Жерлесіміздің келесі айналымда Гарбинье Мугуруса - Анетт Контавейт жұбының жеңімпазымен кортқа шығады. Мугуруса Ролан Гаростың былтырғы чемпионы екенін айта кету керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары