$ 443.85  474.3  4.8

Геннадий Головкин жанкүйерлерін Лас-Вегаста өтетін жекпе-жегін көруге шақырды

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF чемпиондық белбеулерінің иесі Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) өз жанкүйерлерін 16 қыркүйекте Лас-Вегаста мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-1, 34 КО) өтетін жекпе-жегін тамашалауға шақырды.

"16 қыркүйекте Лас-Вегаста жолығамыз" деп жазды Головкин өзінің Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, GGG мен "Канело" арасындағы кездесудің Лас-Вегаста өтетіні күні кеше белгілі болған еді. 20 мың көрерменге арналған T-Mobile Arena кешені көптен күткен жылдың бокс кешін өткізуге дайын.
Геннадий Головкин бұған дейінгі мәлімдемелерінің бірінде мұндай жекпе-жекті тек армандағанын айтқан болатын. "Бұл нағыз чемпиондық деңгей. Біз жанкүйерлерге өте қызықты жекпе-жек сыйламыз", - деді Головкин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары