Қазақстандық боксшы Иван Дычко америкалық The Heavyweight Factory промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасасты деп жазады Vesti.kz.
Айта кетейік, 26 жастағы Дычко аса ауыр салмақта Олимпиада ойындарында (Лондон-2012, Рио-2016) екі рет қола медаль жеңіп алған болатын. Сондай-ақ, әлем чемпионаттарында екі рет күміс және бір рет қола жүлдегер атанған. Азия ойындарының чемпионы және финалисті, Азия чемпионы.
Биыл ақпан айында Иван Дычко мен Данияр Елеусінов австралиялық промоутер Майк Алтамурмен келісімшарт жасасқан болатын. Алайда, мамыр айында екеуі де бұл келісімді үзіп, Қазақстанға қайта оралды.
The Heavyweight Factory (Ауыр салмақтылардың фабрикасы) компаниясы Флорида штатында құрылған. Комапнияның 2007 жылы құрылғаны белгілі. Алайда, қандай боксшылармен жұмыс істескені әзірге хабарланбай отыр.