Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес кездесуінің жеңімпазы үшін арнайы белбеудің дизайнын таңдады деп жазады Vesti.kz.
"Адольфо Лопес Матеос" мемориялдық белбеуі қйымдастырушылар сайтында дауыс беру арқылы таңдалды. Оның дизайнын уичоли - Батыс және Орталық Мексикада тұратын үндістер халқы жасап шығарған.
Сонымен қатар, "Канело" бірнеше рет сұхбат бергенде WBC титулы үшін Головкинмен таласпайтынын ескерткен. Бұрындары ол осы ұйымдастырушыларымен жанжалдасып қалған.
Мамырда Альварес өз отандасы Хулио Сезармен жекпе-жек өткізген кезде, ол жеңімпазға арналған WBC арнайы естелік титулын алудан бас тартты. Кейінірек WBC арнайы Мексикада салтанатты шара өткізді, олар "Канелоға" естелік белбеуді сыйға тартпақшы болған, алайда мексикалық одан да бас тартты.
Бұл дау осыдан бір жыл бұрын басталған. WBC "Канело" Головкинмен жекпе-жекке шығуды міндеттеді. Мексикалық шешім қабылдау үшін біраз уақыт беруін сұраған, себебі сол кездері ол сот процесіне қатысып жатты, соған қарамастан WBC промоутерлік сауда күнін белгіледі. Соңында Альварестің титулы Головкинге жекпе-жексіз берілді. "Канелоның" айтуынша, осы ұйым мексикалықтың Головкиннен қорқып, жекпе-жекке шықпас үшін белбеуді бере салды деп жала жапқан.
Өз кезегінде WBC президенті Маурисио Сулейман Головкин - "Канело" жеке-жегінің жеңімпазы белбеудің міндетті иегері атанады, егер Альварес жеңген жағдайда оның белбеуді иелену иеленбеуін шешпейді.
Айта кетейік, Головкин - "Канело" арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.