Спорт 26.07.2017 сағат 03:37

Мадридтік "Реал" Килиан Мбаппені 180 млн еуроға сатып алды

Мадридтік "Реал" футбол клубы "Монаконың" 18 жастағы шабуылшысы Килиан Мбаппенні сатып алу туралы келісімшартқа қол қойды деп жазады Lenta.ru.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Басылымның хабарлауынша, корольдік клуб Мбаппе үшін 180 миллион еуро төлемек. Оның 160 миллионын француз клубы алдын ала алады. Ал, қалған 20 миллионы Мбаппенің сәтті өнер көрсетуіне байланысты. Егер футболшы алдына қойған мақсатты орындай алмаса "Монакоға" 20 миллион еуро берілмейді. Алайда, нақты қандай мақсат қойылғаны ресми айтылған жоқ.

Marca басылымының хабарлауынша, "Реалдың" бас бапкері Зинедин Зиданның өзі жас футболшымен және оның ата-анасымен жеке сөйлесіп, Мбаппенің корольдік клубтың сапына өтуіне ықпал еткен. Алдын ала мәлімет бойынша, шабуылшы 6 жылға келісімшартқа отырып, аптасына 135 мың еуро жалақы алады.

Айта кету керек, Килиан Мбаппе "Монако" сапында 58 ойын өткізіп, 27 гол соққан және клубпен бірге Франция чемпионы атанды. Биыл наурыз айынан бері ол Франция ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетуде.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар