$ 443.85  474.3  4.8

«Астана» Чемпиондар линасының үшінші айналымын сәтті бастады

«Астана» - «Легия» арасындағы Еуропа Лигасы квалификациясының үшінші раундының бірінші ойыны 3:1 есебімен қазақстандықтардың пайдасына шешілді деп жазады елорда әкімдігінің медиа-орталығы.

Елордалық клубтың қоржынына алғашқы голды конголездік футболшы Жуниор Кабананга 36 минутта салды. Екінші голдың (45’) авторы белорус Иван Маевский атанды. Айтпақшы, бірінші таймның басында (20’) шабуылшы Джордже Деспотовичті Роман Муртазаев алмастырды.

Екінші таймда поляктар есепті теңестіруге тырысты. Армандо Садику (78’) қазақстандықтардың көңіл-күйін түсіріп, қарсылас командаға бір гол әкелді.

Бұдан кейін «Астананың» бас жаттықтырушысы футболшыларды ауыстырды: Ласло Кляйнхайслер – Срджан Граховац. Сәлден соң Роман Муртазаевті Евгений Постников ауыстырды.

Алайда астаналықтардың ықыласына Патрик Твумаси ерекше бөленді. Себебі ол салған гол (90+4’) бүгінгі кездесуді 3:1 есебімен қазақстандықтардың пайдасына шешті.

«Астана» - «Легия» арасындағы жауапты кездесу 2 тамыз Варшавада өтеді. Кездесудің жеңімпазы Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңіне шығады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары