Спорт 04.08.2017 сағат 02:44  1040

"Барселона" Неймарды 222 млн еуроға сатты

"Барселона" футбол клубы бразилиялық шабуылшы Неймарды франциялық "ПСЖ" клубына сатқанын ресми мәлімдеді деп жазады sports.ru.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бейсенбі күні кешке Неймардың өкілдері "Барселонаның" кеңсесіне келіп, 222 миллион еуро төлеген. Мұнан кейін каталондық клуб пен Неймар арасында бұған дейін түзілген келісімшарт өз күшін жоятын болады.

Аталған операцияның барлық тетіктерін "Барселона" басшылары УЕФА өкілдеріне мәлімдеуі тиіс. Мұнан кейінгі шешімді осы еуропалық футбол федерациясының мамандары қабылдайды.

Ал, ПСЖ болса Неймармен 2022 жылға дейін келісімшарт жасасқанын ресми мәлімдеді.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар