$ 448.15  483.46  4.86

"Астана" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде "Селтикпен" ойнайды

Бүгін УЕФА-ның штаб-пәтерінде (Ньон, Швейцария) Еуропа Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті. Нәтижесінде "Астанаға" қарсылас ретінде шотландиялық "Селтик" таңдалды. Екі клуб арасындағы алғашқы матч 15/16 тамызда өтсе, жауапты ойын 22/23 тамызға жоспарланған.

Қос команданың қай ұтқаны Еуропа Чемпиондар лигасының 2017-2018 маусымында топтық кезеңде өнер көрсететін болады.

Айта кетейік, плей-офф кезеңіне дейін елордалық футболшылар алдымен латвиялық "Спартактан" басым түссе, артынша польшалық "Легияны" жеңді. "Селтик" болса іріктеудің бірінші кезеңінде "Линфилд" командасын (Солтүстік Ирландия) 2:0, 4:0 есебімен, "Русенборгты" (Норвегия) 0:0, 1:0 есебімен тізе бүктірді.

Еске салайық, Чемпиондар лигасының бұған дейінгі маусымында "Селтик" "Астананы" іріктеу кезеңінің үшінші айналымында сан соқтырған болатын. Қос команда арасындағы алғашқы матч 1:1 есебімен аяқталса, Глазгода өткен қарымта ойында шотландиялық клуб 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары