$ 439.43  473.31  4.82

Ольга Рыпакова "Гауһар лигасының" қола жүлдесін жеңіп алды

Жеңіл атлетикадан Олимпиада ойындарының чемпионы Ольга Рыпакова Бирмингемде өтіп жатқан "Гауһар лигасының" қола жүлдесін жеңіп алды деп жазады Vesti.kz.

Рыпакова тек төртінші мәрте секірген кезде ғана 14,29 метрді бағындырып, өзінің ең үздік нәтижесін көрсете білді. Ал, бұл сайыста бірінші орынды Колумбиядан келген жеңілатлет Катрин Ибаргуэн 14,51 метр нәтижесімен жеңіп алса, екінші орын ямайкалық Кимберли Уильямсқа тиесілі (14,44 метр).

Жалпы жарыс қорытындысы бойынша да Рыпакова 20 ұпаймен үшінші сатыда тұр. Бірінші орында - Ибаргуэн (31), екінші орында - Уильямс (24).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары