28.08.2017, 02:28

Василий Левит әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатын 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Василий Левит жеңіспен бастады.

Алғашқы жекпе-жегін жерлесіміз бразилиялық боксшы Жуан Гонсалешпен өткізді. Левит барлық үш раунд бойы рингте еркін қозғалып, қарсыласынан әлдеқайда мықты екенін төрешілерге көрсете білді, есеп - 5:0. Келесі жекпе-жегін жерлесіміз ширек финалда австралиялық Джейсон Уотлиге қарсы өткізеді.

Айта кетейік, ширек финалға сондай-ақ, қазақ боксшылары Жомарт Ержан (49 кг), Қайрат Ералиев (56 кг) және Әбілхан Аманқұл (75 кг) жолдама алды. Ал, Азамат Исақұлов (52 кг), Әділет Құрметов (60 кг) және Бекдәулет Ибрагимов (64 кг) жарыс жолынан шығып қалды.