Қырғызстан және Мьянма құрамалары арасындағы футбол матчы болмайтын болды деп жазады Sputnik Қырғызстан. Қос елдің футболшылары арасындағы кездесу сейсенбі 5 қыркүйекке жоспарланған болатын.
"Теракт қаупінің туындауы оған себеп болды. Қазір Мьянмамен матчы кейінге қалдыру туралы сөйлесіп жатырмыз. Біздің командамызға жеңіліс жазылатын шығар", — деді Қырғыз Республикасы футбол федерациясының президенті Семетей Сұлтанов.
Оның айтуынша, ойынды кейінге қалдыру туралы шешімді дүйсенбі күні Қырғызстан үкіметі қабылдады.
Айта кетейік, Мьянмада мұсылмандар қауымы мен күштік құрылым өкілдерінің арасындағы қақтығыс салдарынан 400-ден астам бейбіт тұрғын қаза тапты. Рохиджа мұсылмандарының айтуынша, әскерилер әйелдер мен балаларды да аяусыз қырып жатқан көрінеді.