03.11.2017, 04:22

«Ордабасы» ойыншылары 4 айдан бері жалақы ала алмай отыр

Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубының ойыншылары 4 айдан бері жалақы ала алмай отырғандарын мәлімдеп, бұдан әрі жаттығу жасамайтындарын айтты.

Қазақстан Премьер-лигасындағы соңғы ойынын шымкенттік футболшылар Көкшетаудың «Оқжетпесімен» өткізуі тиіс. Алайда, ақшаға жарымай жүрген спортшылар бұл матчқа шықпайтындарын да мәлімдеді.

“Біз жаттығудан бас тарттық. Барлығы біледі біз 4 айдан бері жалақысыз жүрміз”, — дейді Ордабасы командасының қақпашысы Алмат Бекбаев TVK телеарнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, «Ордабасы» футбол клубы Қазақстан біріншілігін үшінші орынмен аяқтады. Чемпионаттағы соңғы ойынның нәтижесі турнир кестесіне айтарлықтай әсер етпейді.