$ 444.22  476.38  4.82

Данияр Елусінов: «Құмар ойын – ақша табудың жеңіл жолы»

Бокстан Рио олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов «Тікелей эфир» тележобасында құмар ойындарға қатысты өз пікірін білдірді. Ол өз замандастарын бұл жолдан аулақ болуға шақырып отыр.

«Негізі құмар ойын – ақша табудың жеңіл жолы болып табылады. Ол ақша қалай келеді, солай кетеді деп ойлаймын. Себебі, ол оның құны жоқ», – дейді спортшы.

Сондай-ақ Данияр құмар ойын ойнайтындардың дені ақшаларын ұтылатынын айтты.

«Менің ойымша, спорт кінәлі деп ойламаймын. Оған осы спортты қолданып отырған букмекерлік кеңселер кінәлі. Спортшылардың да кей кезде ұсталып қалып, кінәлі болып отырған кездері бар. Ол спорттың кінәсі емес. Спортқа қарама-қайшы келетін букмекерлік орталықтардың кінәсі», дейді олимпиада чемпионды.

Спортшы сөз соңында жеңіл келген ақшаға ешқашан қызықпау керектігін айтты. Сондай-ақ, адам баласы қиындықтан қорықпай, керісінше оған қарсы тұра алатындай мықты болуы керек деді.

Айта кетейік, ҚР Ойын бизнесі туралы заңына сәйкес, елімізде құмар ойынның төрт түріне рұқсат етілген. Олар: казино, букмекерлік кеңсе, ойын автоматтары және тотализатор.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары