$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спорттық жарыстар өтті

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында және «Халықаралық мүгедектер күні» аясында ағымдағы жылдың 31 қазаны күні Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы №186 жалпы білім беретін мектебінің спорт залында мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында аудандық жарыс ұйымдастырылды.

Жарысқа ауданнан 18 жастан жоғары 20 ересек ер азамат және,15 әйел спортшы қатысты.

Шараны салтанатты түрде Наурызбай ауданы әкімі аппаратының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы С.Имашев ашты.

«Тағдыры ерекше адамдар – біздің қоғамның толыққанды мүшесі. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мемлекеттің барлық азаматтарымен теңдей құқықтары бар. Олардың көпшілігі – талантты, білімді, іскер және өнерлі жандар. Осыған орай, біз осы отандастырымызға барынша қолдау жасап, үнемі жағдайын жақсартып отыруға тиіспіз. Сондықтан Сіздерді шын жүректен құттықтай отырып, сайыста тек шын мықты жеңіске жетсін!» - деді әкімдік өкілі.

Спорт сайысына қатысушылар шахмат, дойбы, үстел теннисі, дартс және себетке доп лақтыр спорт түрлерінен додаға түсті.

Өткізіліп отырған осынау шараның негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында спортқа деген қызығушылығын оятып, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақыттарын тиімді өткізуге жағдай жасау. Сондай-ақ, олардың көңіл-күйлерін көтеріп, сергіту жаттығуларын жасату және сайыс паралимпиалық, паралимпиалық емес және сурдлимпиалық спорт түрлерін дамытуға бағытталады.

Жарыс қорытындысы бойынша: Шахмат жарысынан 3-ші орынға Фугусов А., 2-ші орынға Қайыпберді А., 1-ші орынға Хибашов Е.; Дойбы жарысынан 3-ші орынға Трамбаева Н., 2-ші орынға Жусейова З.,1-ші орынға Сарқытбай М,; Үстел тенинисінен 3-ші орынға Ашимбекова Б., 2-ші орынға Наумова С., 1-ші орынға Карабаева С.; Дартс жарысынан ерлер арасында 3-ші орынға Албаев Т., 2-ші орынға Игембек Қ., 1-ші орынға Кожабаев О., дартс жарысынан әйелдер арасында 3-ші орынға Королева В., 2-ші орынға Каматаева Т., 1-ші орынға Юсупова Л.; Себетке доп лақтыру жарысынан ерлер арасында 3-ші орынға Булгаков Б., 2-ші орынғаСалындиев К., 1-ші орынға Кузембаев Х., себетке доп лақтыру жарысынан әйелдер арасында 3-ші орынға Карабаева С., 2-ші орынға Байбаренко Н., 1-ші орынға С.Айгозова ие болды.

Жеңімпаз-жүлдегерлері аудан әкімінің құттықтау қағаздары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Басқа қатысушыларға да қамқорлық көрсетіліп, сый-сияпат жасалынды.

Наурызбай ауданы бойынша ауданда жалпы саны 1826 мүгедек тіркелсе, соның 1020-сы 1-2 топ мүгедектері, 538-і 3 топ мүгедектері және 268-і 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды құрайды. Сондықтан осындай спорттық жарыстарды ұйымдастырудың қоғамдағы маңызы өте зор.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары