$ 444.32  473.33  4.76

«Атлетико» шабуылшысы «Рома» қақпасына «ерекше» гол соқты (ВИДЕО)

Кеше футболдан Еуропа Чемпиондар лигасының 5 кезеңі мәресіне жетті. Өз алаңында Римнің «Рома» командасын қабылдаған мадридтік «Атлетико» 2:0 есебімен жеңіске жетіп, плей-офф кезеңіне берілетін жолдамадан үміткерлердің қатарына қайта қосылды.

Аталған матчта соғылған алғашқы гол Чемпиондар лигасының биылғы маусымында соғылған ең үздік голдардың көшін бастауы мүмкін. Ерекше голдың авторы - «Атлетиконың» француз шабуылшысы Антуан Гризман. Ол әуеден келген допты қайшылап теуіп, қорғаушыларға да, қақпашыға да ешқандай мүмкіндік қалдырған жоқ. Ойындағы екінші голды тағы бір француз футболшысы Кевин Гамейро соқты.

Айта кету керек, «Атлетико» командасында плей-офф кезеңіне шығуға мүмкіндік болғанымен, оның жүзеге асуы екіталай. Өйткені, соңғы алтыншы турда мадридтік клуб көш басындағы лондондық «Челсиді» жеңуі керек. Ал, «Рома» болса аутсайдер «Карабах» командасынан жеңілуі тиіс. Сонда ғана Диего Симоненің шәкірттері финалдық кезеңдерге жолдама ала алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары