$ 498.34  519.72  4.85

«Астана» – «Вильярреал» матчының жанкүйерлеріне қосымша автобустар бөлінеді

23 қарашада «Астана Арена» спорт кешенінде өтетін «Астана» (Қазақстан) және «Вильярреал» (Испания) командалары арасындағы кездесуге орай жанкүйерлер 11 қоғамдық көлікпен тасымалданады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

«Ағымдағы жылдың 23 қарашасында «Астана Аренада» сағат 22:00-де «Астана» (Қазақстан) және «Вильярреал» (Испания) командалары арасында Лига өткізілуіне орай, 23 қараша сағат 20:00 ден бастап Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран, Керей және Жәнібек хандар көшесіндегі учаскелерінен Ұлы дала қиылысына дейін көлік қозғалысы тоқтатылады. Аталмыш шектеу іс-шараның аяқталуына дейін жалғасады», – делінген Астана қаласының ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қала тұрғындары мен қонақтары стадионға № 10, 12, 27, 37, 40, 51, 53, 501, 502, 503, 506 автобустармен қатынай алады.

Сонымен қатар, қала басшылығы жанкүйерлерді тасымалдауға арнайы рейстер (шатллбас) ұйымдастыруды көздеп отыр.

Арнайы автобустар стадионға «Қазақстан» СК, «Нұр Астана» мешіті, Астаналық цирк және «Жастар» сарайының тұрағынан жүреді (және кері бағытта).  Арнайы рейстерде жүру ақысы 90 теңге және қоғамдық көліктерде жүру билеттері мен жеңілдігі бар билеттер аталған рейстерде жарамсыз.

«Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметі жүргізушілерді бұл күні жеңіл көліктерден бас тартуға шақырып, қоғамдық көлікпен жүруді ұсынады. Сондай-ақ «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайы ауданына қатынауды жоспарлаған тұрғындарға жүріп-тұру шектеулеріне сәйкес қозғалыс уақытын алдын ала ұйымдастыру қажеттігін ескертеміз», – дейді тәртіп сақшылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары